Қауіпсіздік топтарын (пайдаланушы топтарын) қосуға, топтар құрамын және қауіпсіздік тобының бағдарламаның әртүрлі функцияларына қатынасуын икемді түрде конфигурациялауға болады. Қауіпсіздік топтарына олардың мақсатына сәйкес атаулар берілуі мүмкін. Мысалы, атау кеңседегі пайдаланушылардың орналасқан жеріне немесе пайдаланушылар қатысты болып табылатын компанияның құрылымдық бөлімшесінің атауына сәйкес келуі мүмкін.
Бір пайдаланушы бірнеше қауіпсіздік топтарының құрамына кіруі мүмкін. Виртуалды Басқару сервері басқаратын пайдаланушы есептік жазбасы тек осы виртуалды Сервердің қауіпсіздік топтарына кіре алады және тек осы виртуалды Сервер шеңберінде қатынасу құқықтарына ие бола алады.
Қауіпсіздік тобын қосу үшін:
Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.
Қауіпсіздік тобын қосу терезесі ашылады.
Топтың атауы 255 таңбадан асуы және *, <, >, ?, \, :, | таңбаларын қамтуы мүмкін емес. Топтың атауы бірегей болуы керек.
Топ сипаттамасын Сипаттама енгізу өрісінде енгізе аласыз. Сипаттама өрісін толтыру міндетті емес.
Қосылған қауіпсіздік тобы консоль ағашындағы Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасында көрсетіледі. Сіз пайдаланушыларды жасалған топқа қоса аласыз.
Басына оралу